Биыл өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған 10 511 кәсіпкер ескерту алды
Биыл өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған 10 511 кәсіпкер ескерту алды
ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Марат Хасенов өрт қауіпсіздігі ережесін бұзған кәсіпкерлердің көбісіне жеңілдік жасалғанын мәлімдеді. Яғни, оларға айыппұл салынудың орнына әкімшілік жаза ретінде тек ескерту жасалған, — деп хабарлайды Informburo.kz.
"Жыл басынан бері мемлекеттік өртке қарсы қызметтердің барлығы 15 мың тексеру жүргізді. Тексеріс кезінде 68 мыңнан астам ереже бұзушылық анықталды. Осы орайда, 12 мың кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бірақ осының ішінде 10 511 кәсіпкерге әкімшілік жауапкершілік ескерту түрінде болғанын айта кету керек. Ал айыппұл 1 853 кәсіпкерге салынды", – деді Марат Хасенов.
Сондай-ақ, ол жыл басынан бері өрт санының азайғанын айтты. Республика бойынша шамамен – 0,5%. Бірақ, өрт кезінде көз жұмғандар саны өскен. Биыл 43 адамға көп. Өрт жиі болатын секторлар:
  • тұрғын үй – 68;
  • көлік құралдары – 20;
  • шаруашылық нысандары – 10-15.
Ал өрттің негізгі шығу себептері:
  • электр құрылғыларын монтаждау және техникалық пайдалану кезінде – 34;
  • жылу құралдары – 16;
  • өрт тұтататын құралдарды бей-жай пайдалану – 28.