Сәкен Бибосынов  Франция боксшысын жеңді
Сәкен Бибосынов  Франция боксшысын жеңді
Фото: kfb.kz
186
оқылды
Токио Олимпиадасында 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен боксшы Сәкен Бибосынов ширек финалға жолдама алды, – деп хабарлайды Olympic.kz. Ол Олимпиада ойындарының кезекті кездесуінде франциялық Биллал Бенаннан 5:0 есебімен басым түсті. Айта кетерлігі, оның ширек финалдағы қарсыласы испаниялық Габриэль Эскобар. Қос боксшы 3 тамыз күні жартылай финалдық жолдаманы сарапқа салады.