Зәкір Сафиуллиннің қарсыласы шаршы алаңға шықпады
Зәкір Сафиуллиннің қарсыласы шаршы алаңға шықпады
Фото: olympic.kz
Токиода Олимпиада ойындарында бокстан ерлер мен әйелдер арасында жекпе-жектер жалғасып жатыр. 63 келіде жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Зәкір Сафиуллин ширек финалға шықты, – деп жазады Olympic.kz. Отандасымыздың қарсыласы жапониялық Даисуке Наримацу болатын. Алайда жапониялық боксшы жарақатына байланысты шаршы алаңға шықпады. Нәтижесінде, қазақстандық Зәкір Сафиуллин келесі айналымға өтті.