Елена Рыбакина Қазақстан теннисі тарихында алғаш рет Олимпиадада 4-орын иеленді
Елена Рыбакина Қазақстан теннисі тарихында алғаш рет Олимпиадада 4-орын иеленді
Фото: tennisforum.com
118
оқылды
Елена Рыбакина Токио Олимпиадасында қола жүлде үшін өткен матчта қарсыласына жол берді.  Спортшымыз кіші финалда әлемнің 6-шы ракеткасы, украиналық Элина Свитолинаға қарсы ойнаған еді. Матчтың бірінші кезеңін 6:1 есебімен Рыбакинаның еншісіне жазылса, екінші сетте ойын тай-брейкке дейін жалғасып, қазақстандық спортшы 6:7 есебімен есе жіберді. Ал үшінші сетте Елена Рыбакина 4:1 есебімен озып, соңында 4:6 есебімен қарсыласқа жол берді. Елена Рыбакина қола жүлдеге қол жеткізбегенімен, Қазақстан теннисі тарихында алғаш рет Олимпиадада төртінші орын иеленді.