Токио Олимпиадасы: 1 тамызда жарыс жолына кімдер шығады?
Токио Олимпиадасы: 1 тамызда жарыс жолына кімдер шығады?
Фото: prosports.kz
152
оқылды
1 тамызда қазақстандықтар Токио Олимпиадасының бес спорт түрінен бақ сынасады. Ертең күрес түрлерінен жарыс басталады. Грек-рим күресінен Мейрамбек Айнағұлов пен әйелдер күресінен Эльмира Сыздықова ел намысын қорғайды. Сондай-ақ, боксшылар Әбілхан Аманқұл мен Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға шығу үшін жекпе-жек өткізеді. Грек-рим күресі. Ерлер, 60 келі. 1/8 финал 08:00. Мейрамбек Айнағұлов - Жоламан Шаршенбеков (Қырғызстан) Әйелдер күресі. 76 келі. 1/8 финал 08:00. Эльмира Сыздықова - Айпери Медет Кызы (Қырғызстан) Жеңіл атлетика. 400 метрге жүгіру. Ерлер. Іріктеу 08:17. Михаил Литвин Спорттық гимнастика. Ерлер, еркін жаттығу. Финал 14:00. Милад Карими Бокс. Ерлер. 1/4 финал 15:18. 75 келі. Әбілхан Аманқұл - Эберт Соуза (Бразилия) 16:24. 91 келіден жоғары. Қамшыбек Қоңқабаев - Иван Верясов (Ресей).