Қазақстанның бас санитария дәрігері Ерлан Қиясов QazVac вакцинасы туралы қаулыға қол қойды. Қиясов 2021 жылғы 11 маусымдағы №28 қаулысына мынадай толықтыру енгізген:
"1) ҚР БМСД №28 мынадай мазмұндағы 58-1-тармағымен толықтырылсын: "58-1. QazCovid-in вакцинасын шығару нысаны: 0,5 мл (бір доза), 1,0 мл (екі доза), 1,5 мл (үш доза), 2,5 мл (бес доза), сыйымдылығы 3 мл, резеңке тығынмен тығындалған және Flip-off типті пластикалық қақпағы бар металл қалпақпен оралған, Ι класты түссіз шыныдан жасалған құтыда. Вакцинаның ашық құтысы асептика жағдайларының бұзылу қаупіне байланысты ашылғаннан кейін сақталмайды және бірден пайдаланылады. Вакцинасы бар көп дозалы құтыны ашу вакцинаның құйылуын барынша азайту үшін 3 немесе 5 (құтының көлеміне сәйкес) әлеуетті егілетін адамдар болған кезде ұсынылады", - делінген қаулыда.