Балуан Мейрамбек Айнағұлов алғашқы айналымда қарсыласына жол берді

Балуан Мейрамбек Айнағұлов алғашқы айналымда қарсыласына жол берді

Токиода Олимпиада ойындары аясында күрес түрлерінен 1/8 финалы өтіп жатыр. 60 келіде белдескен Мейрамбек Айнағұлов алғашқы қарсыласына жол берді, — деп хабарлайды Olympic.kz.

Балуан Мейрамбек қырғызстандық Жоламан Шаршенбековтен жеңілді. Белдесуді 8:0 есебімен айқын басымдықпен аяқтаған қырғызстандық балуан келесі айналымға өтті. Айта кетерлігі, Қырғызстан балуаны Шаршенбеков финалға шыққан жағдайда Мейрамбек Айнағұлов жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алады.