Синоптиктер бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады
Синоптиктер бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады
Фото: 24.kz
129
оқылды
«Қазгидромет» РМК күннің қатты ысуына байланысты республиканың 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады. 2 тамызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде ерекше өрт қаупі туындайды. Қызылорда облысында 2 тамыз күндіз жел солтүстік-шығыстан соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады да, соңы шаңды дауылға ұласады. Күндіз 42 градус аптап ыстық болады. Ақмола облысының кей жерлерінде 2 тамыз күні найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 41 градус ыстық болады, төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының кей жерлерінде 2 тамызда түнде және таңертең найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градусқа дейін аптап ыстық болады. Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында 2-4 тамыз күндері күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. Күндіз 2-4 тамызда облыстың басым бөлігінде 40 градусқа дейін қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды облысының кей жерлерінде 31 шілдеде мен 1 тамыз күндері 36 градус қатты ыстық күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, 2 тамызда кей жерлерінде күші 15-20 м/с-ке жетеді. Кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан облысында 2 тамызда күндіз 40 градус қатты ыстық болады. Кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғып, кей жерлерде күші 15-20 м/с-қа жетеді. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 2 тамызда таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 2 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с болады. 2 тамызда Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз кей жерлерінде 35 градус аптап ыстық болады. Күндіз 1-5 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.