Павлодар облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, үш адам мерт болды
Павлодар облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, үш адам мерт болды
Фото: Ашық дереккөзден
Павлодар облысында көлік апаты болып, үш адамның өмірі қиылды, – деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Көлік апаты Ленинский-Русская поляна тасжолында болды.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сай, 31 шілде күні 17:30-да Volkswagen Passat пен Toyota Carina маркалы көліктері бетпе-бет соқтығысқан. Оқиға орнында үш адам мерт болды. «Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы және Ертіс аудандық ауруханасынан медициналық бригада барды. Үш адам қайтыс болды: 51, 49 жастағы әйел, 52 жастағы ер адам», – деп хабарлады облыстық жедел жәрдем станциясы.
Одан бөлек, тағы үш адам — 1961 және 1971 жылғы ер адам мен 1960 жылғы әйел жапа шеккен. Екі жүргізуші мен жолаушыларды түрлі жарақатпен Ертіс аудандық ауруханасына жеткізген.