Күлкі керуені
Күлкі керуені
112
оқылды
Тілазарды жұмсасаң, Азар да безер. Зығырыңды қайнатып, Ығырыңды шығарар. *** Ойынға Мойын бұрып, Алаңдады. Далаңдады. Сыныпты әрең тәмамдады.                  *** «Жақсы оқиды!» деп Қызығасың. Қызғанасың. Іші күйгендер Тұз жаласын. *** Ұйқысының Ұйқы-тұйұқысы шығып, Жанарына жас тығылыпты. Жас тығылған себебі- Жастықта жатып бастырылығыпты. Өзгені шағыстырып, Өзі білінбеді. Өсекшіге өкпелеп, Көзім ілінбеді. *** Албасты басқыр қасқыр Қалың қойды ықтырды. Ықтырғанын көріп, Төбе шашым тік тұрды. *** Күн батып, Қас қарайды. Қас қарая көрсетті Аспан айды. Мәдиге әли кеп, Ойнағаны ғанибет. Мәди мен әлиге Ғани кеп, Қосылса қалар зар илеп. *** Сара апайдың Сары шалы, Самсаны Шайнай алмай шаршады. Əпер демей үш етік, Бір етікті місе тұт.   Бір ағайды Танығыңқырамадым. Танығыңқырамағаныма Жабырқағыңқырадым. *** Сатыр-сұтыр, Тақыр- тұқырға Бір сәт Таңырқап тұрсақ. Бытырадай бықпырт қып, Соққан екен бұршақ.   Бейқамға не айтам? Не айтсам да бейқам. *** Бейқамға не айтам? Не айтсам да бейқам. *** Бір пәнді ғана Жақсы оқитын Нұртанды, Жұрт алды дей алмаймыз. *** Дәу қарға Тауларға қонбайды. Тауларға қонбайтын Дәу қарғаға дау бар ма?