Есірткі тасымалдаған шетелдік ұсталды
Есірткі тасымалдаған шетелдік ұсталды
Фото: yandex.kz

Бұл туралы Полиция департаменті хабарлады.

Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтың айтуынша, 32 жастағы өзбекстандық Тараздан арнайы келіп, есірткі тасымалдаған.

«Қарасора – 2021» іс-шарасы кезінде ұсталған шетелдіктен – 29, жалға алған үйінен 40 дана түйіншектелген ерекше иісі бар есірткі тәріздес зат табылды. Шетелдіктің айтуынша, бұл – «Меф» есірткі өнімдері. Есірткінің жалпы салмағы – 19,7531 грамм. Тәркіленген есірткі тәріздес заттар сот сараптамасына жолданды», – дейді Қамза Үмбетқалиев.

Қазір ұсталған Өзбекстан азаматына қатысты Қылмыстық Кодекстің 296-бабының 4-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауда отыр. https://youtu.be/kc1Ch-UEHDU