ПТР тест анықтамасын 15 мың теңгеге сатпақ болған ер адам ұсталды
Нұрбек БАҚЫТ
ПТР тест анықтамасын 15 мың теңгеге сатпақ болған ер адам ұсталды
Ішкі істер министрлігінің баспасөз өкілі Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, 34 жастағы тұрғын жарнаманы әлеуметтік желі арқылы таратқан.
«Өскеменде полицейлер коронавирусқа шалдыққаны туралы ПТР тест анықтамасын ешқандай зертханалық талдаусыз-ақ рәсімдеп беретінін жарнамалап, хабарлама таратқан 34 жастағы ер адамды ұстады. Ол үшін 15 мың теңге сұраған. Қазір Қылмыстық кодекстің 190-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», – дейді Шұғыла Тұрлыбек.