Қазіргі сәтте Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушы-профессорлар құрамының 50 пайызы (1142), қызметкерлердің 44 пайызы (843), ал студенттердің 22 пайызы (4001) екпе алды.
ЖОО-дағы студенттер арасында коронавирусқа қарсы вакцина алу акциясы аясында 100 студентке жатақханаға орналасу үшін 50 пайыз жеңілдік берілді. Оқытушы-профессорлар құрамы мен қосалқы қызметкерлерге әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік көмек көрсетіліп, жатақханадан орын берілді.Екпе алушылардың барлығына, оның ішінде 4001 студентке имидждік өнімдер, спорттық костюмдер, кітаптар таратылды. 40-қа жуық оқытушы-қызметкерлер мен студенттерден құралған алғашқы топ тегін жолдама алып, Ыстықкөл жағалауындағы спорттық-сауықтыру лагеріне барып қайтты.