Алматы облысында ата-анасы пневмониядан көз жұмған 4 бала жетім қалды. Олар кәмелет жасына толмаған.
"Сыныптас құрбымыз Камила Османованың отбасында қайғылы жағдай болды. 1 тамызда туған ағасы қайтыс болды, 5 күн бұрын оның әйелі көз жұмған болатын", – дейді отбасына жақын Әлия Бөкеева.Оның айтуынша, 4 бала жетім қалған. 9, 5, 4 жасар балалар қалған және жаңадан туған қыз бала ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр. Балаларды әжесі қамқорлығына алады.