Токио-2020: Су добынан Қазақстан командасы Австралияға есе жіберді
Токио-2020: Су добынан Қазақстан командасы Австралияға есе жіберді
131
оқылды
Токио Олимпиадасында су добынан іріктеу кезеңі аяқталуға жақын. Қазақстан командасы кезекті рет жеңіліске ұшырады, – деп жазады Olympic.kz.  Бүгін Александр Шведов шәкірттері Австралияға қарсы ойнаған болатын. Кездесуде қазақстандықтар 7:15 есебімен жеңіліп қалды. Айта кетелік, бұған дейін отандық ватерполшылар Испания, Сербия, Черногория және Хорватия командаларына жол берді. ФОТО: Владислав Семенов, Қазақстан ҰОК