Петропавлда полицейлер бейнебақылау камералары арқылы карабинмен көше ортасында жүрген ер адамды байқап, ұстады. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық орындарға мониторинг жүргізу барысында Набережная көшесінің бойында атыс қаруына ұқсас затпен жүрген ер адамды байқаған. Ақпарат жедел түрде барлық нарядтарға жолданып, оқиға орнына автопатруль мен учаскелік полиция инспекторлары жіберілді. Ер адам ұсталды. Шынында, жігіттің қолында киімге жартылай оралған карабин болған. Сондай-ақ оның мас екендігі анықталды. Айтуынша, ол қаруды бір ай бұрын саяжай қоғамдастығының бірінде саяжайдағы үйді демонтаждау кезінде тауып алған. https://www.youtube.com/watch?v=obbl-ZMb_JE