Қазақстан спортшылары Олимпиаданың бірінші аптасында қанша табыс тапты?
Қазақстан спортшылары Олимпиаданың бірінші аптасында қанша табыс тапты?
Фото: prosports.kz
Токио Олимпиадасының бірінші аптасында қазақстандық спортшылар қанша табыс тапты? Vesti.kz порталы Олимпиадада жүлделі орын алған спортшылардың табысын есептеді. Қазақстандық спортшылар сыйақы алу үшін Олимпиадада үздік алтылыққа ілінуі керек (ең төменгісі). 2 тамыз бойынша спортшылардың жалпы табысы 265 мың доллар болып тұр. Бұл әлі де көбеюі мүмкін. Токио Олимпиадасына белгіленген мемлекеттік сыйақының алдын ала тізімі:
  • "Алтын" - 250 мың доллар.
  • "Күміс" - 150 мың доллар.
  • "Қола" (75 мың доллар) - Елдос Сметов (дзюдо), Игорь Сон мен Зулфия Чиншанло (екеуі де ауыр атлетика).
  • Төртінші орын (30 мың доллар) - Елена Рыбакина (теннис).
  • Бесінші орын (10 мың доллар) - Милад Карими (спорттық гимнастика).
  • Алтыншы орын - 5 мың доллар.
Айта кетейік, қазақстандық спортшылар Токио ойындарының бірінші жартысында тек үш қола медаль жеңіп алды.