Ресей ғылым академиясының академигі, Пастер атындағы Эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Арег Тотолян кей адамдарда коронавирус инфекциясына қарсы иммунитет болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Маманның айтуынша, зерттеу барысында интерферон-альфа, қандағы лимфоциттер мөлшері жоғары адамдарда кейбір генетикалық маркер тасымалдаушылары жоғары қорғанысқа ие екені анықталған. Осылайша, иммундық жүйенің жасушалары синтездейтін және тікелей вирусқа қарсы әсері бар интерферон-альфаның жоғары деңгейі инфекция қаупін төмендетеді. Лимфоциттер деңгейі жоғары адамның вирус жұқтыру ықтималдығы төмен, ол ауырғанда да жеңіл түрімен ауырады. Тотолян басқа да факторлар бар екенін, бірақ оларға зерттеу енді жүріп жатқанын айтты. Сонымен қатар, ол бұл себептер абсолют емес екенін, сондықтан оларды жан-жақты бағалау керегін айтты.