Қасым хан туралы фильмнің түсірілімі аяқталды

Қасым хан туралы фильмнің түсірілімі аяқталды

Алматы облысында Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» фильмінің түсірілімі аяқ­талды. Бұл туралы «Қазақ­фильм» киностудиясы хабарлады.

«Достар, біз «Ұлы дала таңы» түсірілімін аяқтадық. Біздің команданың әр қатысушысына осы тамаша кезең үшін, баға жетпес тәжірибе үшін, еңбек­теріңіз бен кәсіпқойлықтарыңыз үшін алғыс айтқым келеді» деп жазды фильм режиссері Ақан Сатаев желідегі парақшасында. Қазақ мемлекетінің қалып­тасуы туралы тарихи-патриоттық фильм  Мәдениет және спорт ми­нистрлігінің қолдауымен тү­сірілді. Фильмде басты рөлдерді Берік Айтжанов, Данияр Ора­заев, Ерік Жолжақсынов және Айдос Әбдіқадіров сомдайды. XVI ғасырдағы Қазақ хандығы­ның билеушісі – Қасым ханның жетістіктері баяндалады. Еске сала кетейік, маусымда  Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бастаған делегация Алматы облысы Қап­шағай қаласының маңында ор­наласқан тарихи фильмінің тү­сірілім алаңында болған еді. Кейін «Қазақфильм» кино­студия­сы Instagram-да XVI ға­сырдағы Қасым хан әскері мен Шайбани жауынгерлерінің ай­қа­сы туралы көріністі жария­лады.

Мейірім ҚАЙРАТҚЫЗЫ