Қарағанды жолдарында апат көп

Қарағанды жолдарында апат көп

Қарағанды облысы про­куратурасының мәліметтеріне қарағанда, соңғы бір жарым жылда өңірдегі жолдарда 200-ден астам адам көз жұм­ған. Ал жараланғандар саны 800-ден асады.

Прокуратура жол апаттарының негізгі себебі жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін саналы түрде елемеуі екенін алға тартады.  Өліммен аяқталған әрбір екінші жол апаты жылдамдықтың артуына байланысты болған. «Алматы – Екатеринбург» және «Қызылорда – Павлодар» республикалық жолдарында 44 адам қаза тапқан. Облыстағы  жол-көлік оқиға­лары­ның 50%-ы  немесе 554 апат бей­небақылау камерасы жоқ немесе бүлінген, сондай-ақ жол бел­гілері орнатылмаған елді мекендерде тіркеледі. Ал  Теміртау, Жезқазған қалаларында бейне­тіркеу жүйелері мүлдем жұмыс істе­мейді екен.

А.СҰЛТАН