Тыныс алу аппаратын сыйлады
Тыныс алу аппаратын сыйлады
231
оқылды

Түркістан облысында «Nur Otan» партиясы атынан сай­ланған депутаттар әлі де пан­­демиямен күресте алдың­ғы қа­тарда болып, BizBirgemiz ак­циясы аясында көмек көр­сетіп жатыр.

Қайырымдылық шараларына ұдайы үлес қосып, қаншама жан­дарға көмек көрсетіп, ел алғысын арқалап жүрген Түркістан облыс­тық мәслихатының депутаты  Динара Егембердиева жеке өзінің есебінен жасанды тыныс алу ап­параты мен 10 дана кислород бал­лон жабдығын сатып алып, оны Сайрам аудандық ауруханасына табыстады. Осынау қиын мезетте «Nur Otan» партиясының өкілдері мен облыстық мәслихат депутаты қамқорлық танытып, халықпен бірге екенін білдірді. Іс-шараға Сайрам аудандық партия филиалы төрағасының бі­рінші орынбасары Алмас Әбдрах­манұлы мен Сайрам аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасарлары Төлеген Жол­дасұлы және Нұрали Рахматалиұлы қатысты. Халық қалаулысы Динара Егембердиева келешекте  тағы бір тыныс алу құрылғысы мен дәрі-дәрмек қорапшасына тапсырыс беріп, тұрғындарға қолдау көрсет­пек ниетте екенін жеткізді. – Барша  науқастарға қажетті ап­паратты сыйға тарту  ізгі амал, жүздеген азаматтың өмірін араша­лап қалуда себепші болары айтпаса да белгілі, – деді аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орын­басары Нұрали Ирсалиев. Мұндай  игі іс Түркістан об­лысы Арыс қаласында да жалғасын тапты. Оттегі тапшылығын бол­дыр­мау және алдын алу мақ­сатында «Nur Otan» партиясы Арыс қалалық мәслихаттағы фракция мүшесі Қалдыхан Өтегенов Арыс қалалық орталық ауруханасын 40 оттегі баллонымен қамтамасыз етті.

Әбілмансұр ЖАСАН