Нысан құрылысы биыл аяқталады
Нысан құрылысы биыл аяқталады

Алматы қаласындағы Рыс­құлов даңғылы мен Ем­цов көшесі қиылысындағы көлік айрығының құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жос­­­парланды. Бұл туралы қа­­лалық Мобильділік бас­қар­­ма басшысының орын­басары Ернұр Абжахан «Nur Otan» пар­тиясы жанындағы Өңірлік даму қоғамдық ке­ңесінің оты­рысында жаса­ған баян­дамасында айтты.

Ол аталған көлік айрықтары құрылысындағы негізгі мәселе – жекеменшік жерлерді сатып алу екенін тілге тиек етті. Қазір қа­­лалық Жер қатынастары бас­қар­масымен біріге отырып жер­лерді сатып алу шаралары қар­қын­ды жүргізіліп жатқанын және атал­мыш жұмыстар оң ше­ші­ліп жат­қан жағдайда көлік айры­ғының құрылысы жыл соңы­на дейін аяқ­талатынын атап өтті. Өз кезегінде Президенттің ерекше аймақтарда құрылыс жұ­мыстарын тоқтату тапсыр­ма­сына сәйкес, Алматы қала­сының әкімдігі және басқарма тара­пы­нан бірнеше іс-шара орындалды. Алматы қалалық Жоспарлау және урбанистика бас­қарма­сының басшысы Ал­масхан Ахмеджановтың айтуын­ша, Қазақстан аумағындағы қол­даныстағы нормативтік-тех­ни­калық талаптарды ескере оты­рып, ерекше аймақтардағы құ­ры­­лыстарды тоқтатуға мүмкін­дік беретін жаңа ереже дайын­далды. Бұдан бөлек, мегаполистің резонанстық сұрақтары өңірлік даму кеңесінің бақылауынан тыс қалмады. Бұл ретте, резонанстық сұраққа айналған Самал-2 ық­шамауданындағы үй құрылысы жерінің жекеменшік иелері тара­пынан әлі күнге дейін ешқандай жобалық құжаттарды және құ­ры­­лысқа рұқсат алуды әлі де ал­ма­ғаны белгілі болды. Аталған мә­селені шешу мақсатында жер­гі­лікті тұрғындармен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Отырыс барысында Кеңес мү­шелері тарапынан Жол кар­тасы тармақтарының орында­луын қа­таң бақылауға алу керегін және келесі жылдары құрылыс жұмыс­тары аяқталатын нысан­дарға бақылау жасап, орындалмау қаупі туындаған жағдайда алдын ала ұсыныс беру керек екенін ес­кертті. Сонымен қатар мерді­герлік мекемелердің отандық тауар өнім­дерін қолдануын ба­қылауға алу бойынша ұсыным жасалды.

Әбілмансұр ЖАСАН