Мәселе 1992 жылы канадалық «Камеко» компаниясымен жасалған келісімшарты туралы болып отыр. Ол ешқандай байқауға қатыспастан «Кумтөр» ірі алтын кен орнын игеру құқығына ие болған еді.Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаев: «Мені бұл жерде құшақ жая қарсы алды. Әрине, сұрақтар қойылды. Бүгін алғашқы тергеу болды. «Кумтөрді» қалай және не үшін салғанымызды, қандай қателіктер жасағанымызды жасырмай, барлығын ашық айту үшін келдім», – деді.
Құқық қорғау органдары «бұл келісім Қырғызстан үшін тиімсіз болды» деп есептейді.