Аграрлық несие корпорациясы бірыңғай кредиттік ұйымға айналады – Мұрат Дәрібаев

Аграрлық несие корпорациясы бірыңғай кредиттік ұйымға айналады – Мұрат Дәрібаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тап­сырмасы бойынша «Бәйтерек» холдингі агроөнеркәсіптік блоктың еншілес компанияларын қайта ұйымдастыру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бұл ретте нәтиже фермерлер үшін қаржыландыруға қолжетімділікті қандай да бір жолмен қиындатпауы тиіс. Бұл жұмыстың қалай өтіп жатқаны туралы холдингтің Басқарушы директоры Мұрат Дәрібаев айтып берді.

– Мұрат Аманкелдіұлы, биыл наурыз айын­да «ҚазАгро» холдингі «Бәйтерек» хол­дингіне қосылды. Осы бірігу шеңберінде «Бәй­терек» холдингінің компаниялар тобына үш қаржы институты кірді: «Ауыл шаруашылы­ғын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ. Бұл – ауыл шаруашылығындағы маңызды даму институттары. «Бәйтерек» холдингінің осы компанияларға қатысты қандай жос­парлары бар? – Мемлекет басшысы «Бәйтерек» холдин­гінің алдына еншілес компаниялардың са­нын екі есе қысқарту міндетін қойды. Аг­рарлық секторда жұмыс істейтін компаниялар бойынша шағын бизнеске микрокредит беруді жүзеге асыратын «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ (Қор) «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ға (АНК) қосылу жоспарда бар, ол өз кезегінде орта және ірі аграрлық жобаларды, сондай-ақ егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға бағытталған. Осылайша, АНК бірыңғай салалық кредит беруші ұйым болады. Бұл фермерлерге жеңілдетілген кредит алу үшін әртүрлі жағдайларда қайда жүгіну керек деген сұрақтарды алып тастауға мүмкіндік береді: АНК-ға ма әлде Қорға ма? Ауыл шаруашылығы техникасы мен жаб­дықтарының лизингі бойынша респуб­ли­кадағы ең ірі компания «ҚазАгроҚаржы» АҚ «Бәйтерек» холдингінен АНК-ға еншілес компания ретінде берілетін болады. АӨК субъектілеріне банктер беретін кредиттерге кепілдік беру жөніндегі Функ­ционал Қордан холдингтің басқа еншілес компаниясы – кәсіпкерлік субъектілері үшін банктік кредиттерге кепілдік беруді жүзеге асыратын «Даму»  кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ға берілетін болады. – Бұл ауыл шаруашылығы тауарын өнді­рушілерді қаржыландыру бойынша көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігіне қалай әсер етеді? – Бұрынғы «ҚазАгро» холдингінің бар­лық үш еншілес компаниясы, өзіңіз байқа­ғандай, АӨК субъектілерін ауыл шаруашы­лығы техникасы мен жабдықтарын қолже­тімді кредиттеумен, лизингпен қамтамасыз ету мәселелерінде, шын мәнінде басты рөл атқарады. Компанияларды қайта құру про­цестері, әрине қаржыландыруға қолжетім­ділікті қиындатпауы керек. Біздің мақсатымыз – сабақтастықты қамтамасыз ету, нәтижесінде ол компания клиенттерінің қызметіне әсер етпеуі тиіс. Біріншіден, еншілес ұйымдарды қайта ұйымдастыру қаржыландырудың қолда­­ныстағы шарттарын қайта қарау қажет­тілігіне әкелмейді. Мүмкін, Қор АНК-ға қосылғаннан кейін кредит бағдарламаларын кеңейту фермерге кредит таңдау кезінде бағдарлауды жеңілдету үшін жүзеге асы­рылады. Бұл ретте ауыл шаруашылығы та­уарын өндірушілер үшін сыйақы мөл­шерлемесі, кредит беру мерзімі, жеңілдікті кезең және басқа да пара­метрлер сияқты негізгі шарттар өзгеріссіз қалады. Екіншіден, қосылу кезінде қаржы қыз­мет­терін көрсету жөніндегі негізгі бизнес-процеске тартылған қордың жұмыс істеп тұрған өндірістік қызметкері АНК-ға ауыс­тырылатын болады. Бұл құнды тәжірибелі кадрлар. Біз фермерлердің АНК-ға қызмет көрсетуге көшу кезінде олардың ерекшелігін жақсы түсінетін Қордың жұмыс істейтін қызметкерлерімен жұмысты жалғастыруға деген ұмтылысын түсінеміз. Бұдан басқа, бұл компанияларды біріктіру сәтінде Қорға келіп түскен кредит беру өтінімдерін қарау мен кідірістердің алдын алуға мүмкіндік береді. Үшіншіден, бізде компанияларды қайта ұйымдастыру бойынша нақты және дәйекті іс-шаралар мен мерзімдері бар жол карталары бар. «Бәйтерек» холдингі қайта ұйымдас­ты­ру­дың барлық процесін тұрақты бақылауда ұс­тайды және жалпы үйлестіруді жүзеге асырады. – Компанияларды қайта ұйымдастыруды қашан аяқтау жоспарланып отыр? – Қайта ұйымдастырудың барлық мә­селелері «Бәйтерек» холдингінің құзыретіне жатпайтынын  атап өту қажет. Ауыл шаруа­шылығы, Ұлттық экономика министрлікте­рінің жекелеген бұйрықтарына және бірқатар заңдарға өзгерістер енгізу талап етіледі. Нормативтік-құқықтық актілерді уақытылы түзету кезінде қызметкерлерді және кредиттік портфельді аударуды қоса алғанда, компа­нияларды қайта ұйымдастырудың негізгі процестерін осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. – Сұхбатыңызға рақмет!  

Ардақ СҰЛТАН