Ashyq: қанша адамның сырқат екенін анықтады?
Ashyq: қанша адамның сырқат екенін анықтады?
Фото: kursiv.kz
139
оқылды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, Ashyq арқылы 16 663 адамның карантин талабын сақтамағаны анықталды.

«Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігінің мәліметінше, 10 шілдеден бері 16 663 адам ережені бұзған. Оның ішінде 10 305 келуші «қызыл» мәртебемен, 6 358 адам – «сары» мәртебемен көпшілік жиналатын орындарға кіргісі келген. Ashyq арқылы 16 мыңнан астам нысанда коронавирустың таралуына тосқауыл болды», – деді министр.

Бүгін де әр тойханаға бір-бір полицейден күзет қойған Түркістан облысынан басқа өңірлер «қызыл» аймақта тұр.