Оның болжамы бойынша, тамыз-қыркүйек айларында шамамен 250 мың адам (орта есеппен тәулігіне 7 мыңға жуық жағдай) коронавирусқа шалдығуы мүмкін. Тығырықтан шығудың жалғыз жолы – вакцина алу.«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, соңғы төрт аптада ДДСҰ-ның алты аймағының бесеуінде инфекция 80%-ға немесе екі есе артқан. Бұл өсудің басым бөлігі қазіргі уақытта 132 елде анықталған аса жұқпалы дельта штамынан болып отыр. Дельта штамының алғаш рет елордада анықталғанын және сырқаттанудың күрт өсуіне әкелгенін ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласындағы сырқаттану динамикасын зерттедік. Соңғы екі аптада ауру көрсеткіші бір деңгейден аспады. Жедел жәрдем шақыру 11%-ке азайды», – деді министр.
Бүгінде вакцина алуға болатын тұрғындардың 55 проценті екпе алды.