«Әкесі көре тұра ештеңе істей алмады» – 4 жасар бала 8-қабаттан құлап кетті
«Әкесі көре тұра ештеңе істей алмады» – 4 жасар бала 8-қабаттан құлап кетті
Фото: yandex.kz
186
оқылды

Бұл туралы Полиция департаменті хабарлады.

«Кеше сағат 20.37-де полицияға Иманбаева көшесі бойындағы тұрғын үйдің 8-қабаттағы терезесінен 4 жасар бала құлап кеткені туралы хабарлама түсті. Бала ата-анасымен бірге пәтерде болған. Ол ойнап жүріп, терезедегі торға ауып, құлап кеткен. Әкесі оқиғаны көре тұра ештеңе істей алмаған. Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды», – деді полицей.

Биыл осы уақытқа дейін астанада 25 бала терезеден құлап, оның 3-еуі көз жұмды.