«Халыққа у шашты» – видеоға қатысты әкімдік өкілі пікір білдірді
«Халыққа у шашты» – видеоға қатысты әкімдік өкілі пікір білдірді
Фото: astana.gov.kz
221
оқылды

Видеода ер адам түнгі уақытта дәрі шашып жүрген жұмысшыларға «халыққа у шашып жүрсіңдер» деп ұрысады.

«Видеода маса мен шыбын-шіркейді улау сәті түсірілген. «Елордалық дезинфекция» ЖШС дезинсекциялық жұмысты Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасымен бірлесіп жүргізіп жатыр. Бұл ретте дезинсекторлар адам, жануар және өсімдік үшін қауіпсіз ерітіндіні қолданады. Жұмыс түнгі және таңғы уақытта жүргізіледі. Айта кетейік, жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылады», – деді әкімдік өкілі.

Дезинсекциялық іс-шаралар елорданың орталығынан бастап, шеткі аймақтарға дейін жүргізіледі. «Қалада масалар мен шіркейлерді азайту мақсатында өңдеу жұмысы мамандандырылған дезинфекциялық машиналар мен термогенераторлардың көмегімен, хлорпирифос және малатион белсенді затымен ФОҚ (фосфор органикалық қосылыстар) класының инсектицидтік препараттарын қолдану арқылы жүзеге асырылады» делінген ресми хабарламада.