Ақмола облысында вокзал өртенді
Ақмола облысында вокзал өртенді
Фото: ТЖД-нен алынды

Ақмола облысы ТЖД-нің мәліметінше, өрт бүгін сағат 01:33-те өрт сөндірушілерге Макинск қаласында теміржол вокзалы ғимаратының жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.

«Үш минуттан кейін өрт сөндірушілер ТЖ орнына келді. Барлау жүргізу кезінде «Макинка» станциясының теміржол вокзалының асханасы өртеніп, жалын шатырға қарай тарап бара жатқаны анықталды. Өрттің жалпы ауданы 60 шаршы метрді шарпыған. Өртті бір сағат ішінде сөндірілді», – деді құтқарушылар.

Құтқарушылардың айтуынша, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, теміржол қатынасы да бұзылған жоқ.

Өрт пешке төгілген майдан шыққан деген болжам бар. Буфет қызметкерлері тамақ дайындап жатқанда абайсызда өрт шыққан. Өрттің  нақты себебін мамандар анықтайды.