Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцинаның қосымша 8 миллион дозасы қашан жеткізілетінін айтты.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, қосымша партия тамызда жеткізіледі."Нақты күні белгісіз. "Спутник V" және ДДСҰ мақұлдаған Қытай вакциналарының бірін елге жеткізу үшін келісім-шарттар жасалды. Қай вакцина екені қосымша хабарланады", - деді Денсаулық сақтау министрлігі өкілі.