Токио Олимпиадасы: Зәкір Сафиуллин жартылай финалға шыға алмады
Токио Олимпиадасы: Зәкір Сафиуллин жартылай финалға шыға алмады
Зәкір Сафиуллин. Фото: Оlympic.kz
163
оқылды

Қазақстандық боксшы Зәкір Сафиуллин Токио Олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады. 63 келі салмақтың ширек финалында отандасымыз аустралиялық Гарри Гарсайдпен жұдырықтасқан еді.

Бірінші раунд қорытындысы бойынша, бес төрешінің үшеуі Зәкірге жеңіс берді. Екінші раундта бес төрешінің үшеуі аустралиялық боксшыны басым көрген. Үшінші раундта да Гарри Гарсайд басым түскен. Сөйтіп, 3:2 есебімен Зәкір Сафиуллин жартылай финалға шыға алмады. Айта кетелік, Қазақстан құрамасынан Қамшыбек Қоңқабаев  пен Сәкен Бибосынов жартылай финалға өтті. Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалда америкалық Ричард Торреспен жұдырықтасады. Ал Сәкен Бибосынов жартылай финалда ұлыбританиялық Галал Яфаймен кездеседі. Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зулфия Чиншанло қола медаль иеленген еді.