Токио Олимпиадасына өзге елдің атынан қатысып жатқан қазақ спортшылары
Токио Олимпиадасына өзге елдің атынан қатысып жатқан қазақ спортшылары
Фото: tengrinews.kz
345
оқылды
Токио Олимпиадасына қатысып, жүлделі орыннан көрінген этникалық қазақтар біршама. Күні кеше қытайлық балуан, этникалық қазақ Уәлихан Сәйліке (Серіков) Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Грек-рим күресі жарысының 60 келіге дейінгі салмағында Сәйліке қола медальға таласып, украиналық Ленур Темировті 3:1 есебімен жеңді.  width= Ал Ресейлік спортшы, Қазақстанның тумасы Софья Великая  Олимпиадада «алтын» жеңіп алды, бұған дейін ол күміс медаль алған еді. Ресейлік қылышшылар Токиодағы Олимпиадада командалық турнирде алтын медаль жеңіп алды. Шешуші кездесуде Ольга Никитина, София Великая және София Позднякова Франция құрамасын 45:41 есебімен жеңді. Бұдан алдын жеке турнирде Позднякова алтын, ал Великая күміс жеңіп алған.  width= Бүгін, Өзбекстан атынан шыққан этникалық қазақ Елнұр Абдураимов бокстан 1\4 финалда өнер көрсетті. Ол 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде армениялық Ованес Бачковтан ұтылып, турнирдегі өнерін аяқтады. [caption id="attachment_154377" align="alignnone" width="449"] width= Фото: repost.uz[/caption]   Осы Өзбекстан атынан шыққан тағы бір этникалық қазақ Эльмурат Тасмуратов Олимпиаданың 1\8 финалында украиналық палуаннан жеңіліп қалды. Эльмурат Тасмуратов бұған дейін Азияның 5 дүркін чемпионы атанып, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанған.  width=