Боксшы Сәкен Бибосынов (52 кг) турнирдің жартылай финалына өтті және ол сатыда жеңілген жағдайда да қола жүлдегер атанады, – деп жазады Sports.kz. Әзірге Қазақстанның қанжығасында бұрынғыша үш медаль бар. Барлығы «қола». Оларды дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер – Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло жеңіп алды. Ойындардың 11-інші жарыс күнінен кейін Қазақстан медальдар саны бойынша 75-орында тұр. Қытай (32-21-16) көш алдында, екінші орында – АҚШ (24-27-21), үшінші орында – Жапония (19-6-11). 1. Қытай — 32-21-16. 2. АҚШ — 24-28-21. 3. Жапония — 19-6-11. 4. Австралия — 14-4-15. 5. Ресей — 13-21-18. 6. Ұлыбритания — 13-17-13. 7. Германия — 8-8-14. 8. Франция — 6-10-8. 9. Нидерланды — 6-7-7. 10. Оңтүстік Корея — 6-4-9. 75. Қазақстан — 0-0-3.