Елордада тұрмыстық қалдықтарды сақтауға арналған контейнерлерді қасақана өртеу жағдайлары бұған дейін де болған. Осы демалыс күндері Есіл ауданында осыған ұқсас жағдай болып, нәтижесінде 36 контейнер өртенді, – деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
30 шілдеде сағат түнгі 3-тен таңғы 5-ке дейінгі кезеңде Есіл ауданында келесі мекенжайлар бойынша контейнерлік алаңдар өртенді:
- Мәңгілік ел, 23
- Ұлы дала 11/1
- Түркістан 2
- Қонаев 35.
Барлығы 36 қоқыс жәшігі жанып кетті, оларды сақтап қалу мүмкін болмаған.