Қоғамдық қауіпсіздік деңгейі жақсарып келеді
Қоғамдық қауіпсіздік деңгейі жақсарып келеді
276
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президентке елдегі қазіргі криминогендік ахуал мен ішкі істер органдары жұмысының нә­тижелері туралы баяндалды. Ерлан Тұрғымбаевтың ай­туынша, ведомство қылмыстың көптеген түрін ашу көрсеткіштерін жақсартқан. Кісі өлтіру, тонау, бұзақылық, ұрлық, сондай-ақ кә­мелеттік жасқа толмағандар жаса­ған құқықбұзушылық саны азай­ған. Қоғамдық орындар мен кө­шедегі қауіпсіздік деңгейі жоға­рылаған. Алайда интернет желісін пайдалану арқылы жа­салатын алаяқтық қылмыс саны артқан. Бұған пандемия кезіндегі онлайн қызметтердің өсуі ықпал етті. Мемлекет басшысына вакцина алғаны жөнінде жалған құжаттар таратудың жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды. Жыл басынан бері полиция органдары 50-і жалған вакцинация паспортын және 60-ы жалған ПТР-анық­тамасын жасағаны үшін 110 қыл­мыстық іс қозғаған. Министр ІІМ бөлімшелеріндегі жеке құрам қызметкерлерінің 96 пайызы екпе алғанын жеткізді. Кездесу қорытындысы бо­йынша Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп карантиндік шараларды қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлуді, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қарсы қыл­мыстардың, тұрмыс саласын­дағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және жол қауіпсіздігін қам­тамасыз ету жөніндегі жұмыс­ты жандандыруды тапсырды.