Президент рақымшылық жасады
Президент рақымшылық жасады
138
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев түрмеде отырып, зорлыққа душар болған Наталья Слекишинаға рақымшылық жасады. Бұл жайында Президент жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия мүшесі, омбудсмен Эльвира Азимова хабарлады.

Қылмысы дәлелденіп, бас бос­тан­дығынан айырылған Слеки­шина 2016 жылы топтық зорлаудан кейін колония надзирательдерінің бірінен бала туған болатын. Бұл оқиға әлемдік ақпарат құрал­дарының да назарын аудартқан. «Кешірім және рақымшылық жасау – ізгілік актісі саналады. Бұл демократиялық, құқықтық мемле­кеттің, қылмыс жасағандардың құқығына құрмет көрсетудің, сенім білдірудің көрінісі. Бұл Мемлекет басшысының қылмыстық жазасын өтеушіге қайырымдылығы», – деді омбудсмен.  Осының алдында сот қылмыс­кер әйелдің қалған жазасын өтеуін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдаған. Демек ол енді түзу жолдан таймаса, түрмеге орал­майды. «Бес жыл ішінде ол өзін үш ба­ла­ның жақсы анасы ретінде көр­сете білді, өз бетінше жұмысқа ор­на­ласты. Экономикалық тұр­ғыдан тәуелсіз болды. Про­бациялық бақылау кезінде оның мінез-құлқына қатысты шағым түспеді», – дейді Эльвира Азимова.  

Е.ЕРДЕНОВ