Партиялық жұмыстардың сапасы сараланды
Партиялық жұмыстардың сапасы сараланды
124
оқылды

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы бақылау-тексеру комиссия­сы­ның отырысы өтті.

Күн тәртібінде 2021 жылғы жос­парға сәйкес,  аумақтық партия филиалдарының ішкі партиялық қаржылық-шаруашылық жұмыс­тарын тексерудің  қорытындысы қа­ралды. Отырысты Алматы облыс­тық партия филиалы төрағасының орын­басары Серік Нұрқадыров жүргізді. Айта кетейік, биыл 13 мамырда Алматы облыстық партия филиа­лының төрағасы, облыс әкімі Аман­дық Баталовтың төрағалығымен өткен облыстық есеп беру сайлау кон­ференциясында облыстық бақы­лау-тексеру комиссиясының жаңа құрамы сайланған болатын.  Жаңа құ­рамдағы комиссия мүшелері об­лыс­тың барлық аумақтық филиал­дарында 25 мамыр-12 маусым ара­лығында тексеру-салыстыру жұмыс­тарын жүргізіп, отырыста атқарылған жұмыс қорытындысымен Алматы облысы бойынша тексеру комис­сиясының төрағасы деп Амангелді Сембаевты таныстырды. Барлық аудандар мен қалаларға қатысты ұйымдық мәселелер, саяси жұмыс және аудан, қалалардағы партияның «Ардагерлерді ардақ­тайық», «Бақытты отбасы», «Ке­дер­гісіз келешек», «Ұлттық мұра» жоба­лары бойынша атқарылған іс-шара­лары, партиялық бақылау және қоғамдық қабылдауға қатысты тек­серу жұмыстары жүргізіліп, бірқатар кемшілік анықталды. Жиында тексеріс барысында бір­қатар сын-ескертпе айтылған пар­тияның Қарасай, Балқаш, Қапшағай аумақтық филиал  төрағаларының бірінші орынбасарларының баян­да­масы тыңдалды. Отырыс нәтиже­сінде комиссия мүшелері аумақтық пар­тия филиалдарына кемшілікті жоюға 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейін уақыт беруді ұйғарды.

Әбілмансұр ЖАСАН