«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы бақылау-тексеру комиссиясының отырысы өтті.
Күн тәртібінде 2021 жылғы жоспарға сәйкес, аумақтық партия филиалдарының ішкі партиялық қаржылық-шаруашылық жұмыстарын тексерудің қорытындысы қаралды. Отырысты Алматы облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Серік Нұрқадыров жүргізді. Айта кетейік, биыл 13 мамырда Алматы облыстық партия филиалының төрағасы, облыс әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен өткен облыстық есеп беру сайлау конференциясында облыстық бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамы сайланған болатын. Жаңа құрамдағы комиссия мүшелері облыстың барлық аумақтық филиалдарында 25 мамыр-12 маусым аралығында тексеру-салыстыру жұмыстарын жүргізіп, отырыста атқарылған жұмыс қорытындысымен Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы деп Амангелді Сембаевты таныстырды. Барлық аудандар мен қалаларға қатысты ұйымдық мәселелер, саяси жұмыс және аудан, қалалардағы партияның «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Ұлттық мұра» жобалары бойынша атқарылған іс-шаралары, партиялық бақылау және қоғамдық қабылдауға қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп, бірқатар кемшілік анықталды. Жиында тексеріс барысында бірқатар сын-ескертпе айтылған партияның Қарасай, Балқаш, Қапшағай аумақтық филиал төрағаларының бірінші орынбасарларының баяндамасы тыңдалды. Отырыс нәтижесінде комиссия мүшелері аумақтық партия филиалдарына кемшілікті жоюға 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейін уақыт беруді ұйғарды.Әбілмансұр ЖАСАН