iPhone сатып алмақ болған тұрғын 36 миллион теңгесінен айырылды
iPhone сатып алмақ болған тұрғын 36 миллион теңгесінен айырылды
Фото: nur.kz
117
оқылды

Полицияға Қызылорда облысы Қармақшы ауданының тұрғыны арызданған.

Ол Қызылорда қаласының тұрғыны "iPhone ұялы телефонын алып келемін" деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 36 миллион теңгесін иемденіп кеткеніне шағымданған.

Полицейлер жедел іздестіру нәтижесінде, Қызылорда облысы Қазалы ауданының тұрғынын ұстады. Тергеу жүріп жатыр.