Токио Олимпиадасы: Маргарита Торлопова ширек финалға жолдама алды
Токио Олимпиадасы: Маргарита Торлопова ширек финалға жолдама алды
Фото: olympic.kz
119
оқылды

Каноэ есуден әйелдер арасында 200 м қашықтық бойынша іріктеу кезеңі өтті. Бұл жарысқа қазақстандық Маргарита Торлопова қатысты.

Іріктеу кезеңінде тиісті қашықтықты 49, 721 уақытта бағындырған ол ширек финалға жолдама алды. Айта кетерлігі, топта І-ІІ орын алғандар жартылай финалға шығады. Жарыста соңғы төрт орынға ие болғандар ширек финалға жолдама алды. Отандасымыз Маргарита Торлопова өз тобында жетінші болды.