Ғаламтор салған «тор»
Ғаламтор салған «тор»
213
оқылды

Интернет адалдықпен ақша табудың көзі ғана емес, алаяқтардың халықты алдап-арбайтын ортасына да айналған. Aiqyn газеті интернеттегі алаяқтық жайлы сан мәрте жазды. Бірақ онлайн алаяқтардың айласы да таусылар емес. Бір ғана Қарағандының өзінде осындай ондаған қылмыс тіркелді.

«Киім сатып алыңыз»

Интернет арқылы киім «сатқан» қара­ғандылық әйел бірнеше адамды алдап кетті. 13 шілдеде Қарағанды қаласының ПБ Октябрь аудандық полиция бөліміне Алматы облысының 36 жастағы тұрғы­нынан арыз түсті. Ол алаяқ адамға алданып қалғанын хабарлады. Белгілі болғандай, жәбірленуші интернеттен киім сататын жарнама тауып алады. Жарнама авторымен байланысқа шығып, қажетті өнімді жеткізу шарттарымен өзара келісім жасасады. Осы уақытта сатушы 28 мың теңге алдын ала төлемді талап етіп, ақшаны аудартып ал­ған. Белгіленген уақытта тауар жәбірле­ну­шіге жетпей, сатушы хабарсыз кеткен. Ал­данғанын түсінген әйел веб-портал ар­қылы Қарағанды полициясына жүгін­ген. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қыз­мет­керлері күдікті 32 жастағы әйелді анық­тап, ұстады. Сотқа дейінгі тергеу ба­рысында полиция ұсталған адамның осы­ған ұқсас сегіз қылмысқа қатысы ба­рын анықтады. Шығынның жалпы сомасы шамамен 260 мың теңге. Оның үстінен Қылмыстық кодектің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

«Пәтер ұтып алдыңыз...»

Дәл осылай деп қоңырау шалған бір адамның сөзіне сенген Сарыағаш тұрғыны алданып қалғанын бір-ақ білген. Бұл алаяқтыққа қатысы бар қарағандылық әйел анықталды. Оқиға былай өрбіген: Са­рыағаш аудандық Полиция басқарма­сына жергілікті тұрғын әйел хабарласып, алаяқтың құрбаны болғанын айтқан. Оның айтуынша, белгісіз адам телефон арқылы қоңырау шалып: «Пәтер ұтып ал­дыңыз, оны алу үшін 500 000 теңге аудару керексіз» деп есепшотына 500 000 теңгені алаяқтық жолмен аудартып алған екен... Аталған жайтты Сарыағаш АПБ-ның полицейлері Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеп, іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Са­рыағаш полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған Қарағанды қаласының тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Күдікті әйелдің жәбірленушіге жалған ақпарат беріп, ақшаны өз қажетіне жаратқаны белгілі болды. Қазір тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеріп жатыр.

«Принтер, ноутбук жөндеп беремін»

Қарағандыда 13 тұрғынды алдап кет­кен алаяқ қолға түсті. Өзін ІТ технология­лар саласындағы маман ретінде таныстыра отырып, қаланың 13 тұрғынынан алдап ақша алған. 29 маусымда Қарағанды қа­ласының ПБ Орталық полиция бөліміне 39 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленушінің айтуынша, бір ер адам алаяқтық жолмен 94 мың теңге ақшасын иемденіп кеткен. Әлеуметтік желідегі жар­намада өзін ІТ технологиялар саласының маманы, сондай-ақ бейне және аудио жаб­дықтарын сататын және жөндейтін ком­панияның маманымын деп таныс­тыр­ған азамат байланысқа шыққан. Жә­бір­ленуші мультимедиялық жүйені сатып алып, орнатуды жоспарлаған. Алаяқ ал­дын ала 94 мың теңге төлеуді талап етіп, тапсырыс берушіден алдын ала ақша алып алған. Ақшаны алғаннан кейін компания өкілі байланысын тоқтатып, хабарсыз кеткен. Аталған факті бойынша Қыл­мыс­тық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бо­йынша қылмыстық іс қозғалды. 21 шілдеде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 30 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, сотқа дейінгі тергеу барысында криминалдық полиция күдіктінің тағы осыған ұқсас 12 қылмысқа қатысы барын анықтады. Алаяқ әр тұтынушыға бір жағдайда принтерді, екіншісінде ноутбукті жөндеймін деп уәде берген. Жалпы шығынның сомасы – 300 мың теңге. Айғақты заттар алынып, қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Жұмысқа орналастырамын»

Тағы бір алаяқ Сәтбаев қаласының тұрғынын жарты миллион теңгеге алдап кетті. 34 жастағы қала тұрғыны Сәтбаев қаласының полиция бөліміне жүгінеді. Ол бір ер адамның алаяқтықпен 500 мың теңге көлеміндегі ақшаны иемденіп алға­нын айтты. Арызданушы жұмыссыз жүр­ген ағасына жұмыс табуға көмектеспек бол­ған. Жұмысқа тұрғызуға уәде берген бір адаммен келіскен. Бұл қызметі үшін ол 500 мың теңге көлемінде алдын ала ақша алады. Ақшаны алған делдал хабарсыз кетіп, жәбірленуші алаяқпен кездескенін түсініп, полицияға жүгінген. Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады. 21 шілдеде жедел-іздестіру іс-ша­ралары барысында крими­налдық поли­ция қызметкерлері күдікті 24 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мо­йындап, қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Қысқасы, қазір адамнан айла артылмай тұр. Алаяқтықтың да түрлі жолдары пайда болды. Әрине, кейде әккі алаяқтардың құр­ған торына азаматтар ашықауыздықтан тү­сіп қалады. Сонымен бірге мемлекет ұс­ын­­ған қызметке көңілі толмағандықтан арба­ла­ды. Мәселен, Сәтбаев қаласының тұрғы­ны біреуге жұмыс іздеу үшін біреуге ақша бергенше, алдымен еңбек биржасын қа­рас­тырып, тиісті мемлекеттік органдарға бай­ланысқа шығуы тиіс еді. Бәлкім хабар­ласқан да шығар, алайда бақандай 500 мың теңге беріп жұмысқа орналасу үшін ай­лығы мен мансабы тәуір қызмет іздегенге ұқ­сай­ды. Алайда енді оқиғаның толық мән-жа­йын тергеушілер анықтай жатар. Ал біз мы­сал еткен оқиғалардың барлы­ғындағы бір ұқсастық – интернет арқылы алаяқтық жасау. Азаматтар интернеттің ұңғыл-шұң­ғылын білетіндерідң арбауына жиі түсіп қа­­лады. Демек, алданбау үшін де алдын ала төлем жасамау, банк картасының суретін ешкімге жібермеу, ұялы байланыс нөмірі мен поштаны әлеуметтік желі­лер­дегі па­рақ­шаларға ашық жазбау, банк не­месе қандай да бір компания атынан ха­барласқан жағ­дайда ерінбей кері байланыс жасау тәрізді сансыз амалдарды үйренген азбал болса ке­­рек. Дұрысы, мұндай амал­дар қо­ғам мү­ше­лерінің дағдысына айналса ғана ин­тер­неттегі алаяқтық сәл де болса сая­быр­суы мүмкін.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ, Қарағанды облысы