Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қайтыс болды
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қайтыс болды
Фото: kaz.tengrinews.kz

Баспасөз қызметінің өкілдері оның коронавирустан қайтыс болғанын мәлімдеді. Ол 58 жаста еді. Бұл қызметке Ұлан Жазылбек былтыр мамыр айында келген болатын.

Ұлан Жазылбек 1962 жылы туған. 1984 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша және 2009 жылы Д. А. Қонаев атындағы университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Ол еңбек жолын 1984 жылы Алматы үй құрылысы комбинатында шебер, прораб, аға прораб болып бастаған. 1992-2005 жылдары жеке секторда және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда, 2005-2008 жылдары Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің бас маманы, сәулет-құрылыс бақылау бөлімінің бастығы, 2009-2011 жылдары «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ департаментінің директоры, «Қорғас-сервис» ЖШС құрылыс бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. Сондай-ақ, 2011-2013 жылдары Алматы қаласы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті басшысының орынбасары, 2013-2014 жылдары ҚР Өңірлік даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті төрағасының орынбасары, 2014 – 2017 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Экономика инфрақұрылымын дамыту департаментінің директоры, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту департаментінің директоры лауазымдарында болған. 2017 жылдың қараша айынан бастап 2020 жылдың мамырына дейін Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.