Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды.
Оның айтуынша, Шымкент – Самара тасжолының бойында орналасқан жер телімінде тұрған темір гаражын ұрлап кеткен.Полицейлер күдіктіні ұстады. Оқиғаның мән-жайы анықталған соң, күдіктіні жауапқа тартады.Шығын көлемі 200 мың теңге болды. Ұрлықты ашу үшін полицейлер шұғыл әрекет етті. Куәгерлерден жауап алды.