Жұмыстан 15 минут кешігіп шыққан әйелін ұрып-соққан ер адам қамауға алынды
Жұмыстан 15 минут кешігіп шыққан әйелін ұрып-соққан ер адам қамауға алынды
Фото: adilettv.kz
120
оқылды

Полицияның мәліметінше, 36 жастағы астаналық жұмыстан 10-15 минут кешігіп шыққаны үшін қатты ашуланып, әйелін ұрып-соққан.

«Әйелі жұмыстан 15 минутқа кешігіп шығады. Үйге қайтып бара жатқанда күйеуі оны қорлап, балағаттаған. Бірақ жанжал мұнымен аяқталмаған, үйге барған соң ер адам әйеліне қол жұмсап, үйден кетіп қалады. Таңертең үйіне мас күйінде оралған ер адам жүкті әйелін сабаған. Араға түспек болған енесіне де қол көтерген. Сол кезде үйдің үлкені учаскелік полицейден көмек сұрады, – деді полицей.

Ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Соттың шешімімен ер адам 15 тәулікке қамауға алынды.