Токио-2020: қазақстандық велотрекші іріктеуден өте алмай қалды
Токио-2020: қазақстандық велотрекші іріктеуден өте алмай қалды
Фото: cycling.kz
128
оқылды
Қазақстандық велотрекші Сергей Пономарев Токиодағы Олимпиада ойындарында спринт сайысында өнер көрсетті, — деп хабарлайды Sports.kz. 1/32 финалда өнер көрсетуге 24 спортшы жолдама алған болатын. Пономарев ойын қорытындысы бойынша медаль үшін жарысты әрі қарай жалғастыратын қатысушылар қатарына іліне алмады. Еске сала кетейік, Қазақстанның төртінші қоласын Қамшыбек Қоңқабаев жеңіп алды. Оған дейін Токио Олимпиадасында қазақстандық спортшылар үш қола медаль алды. Олардың қатарында дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зүльфия Чиншанло бар.