Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек қайтыс болды. Мәліметті аймақ әкімдігінің өкілдері растады.
«Ұлан Жазылбек тыныс алу жетіспеушілігінен көз жұмды», — деп хабарлады баспасөз қызметі.Кейінірек оның ұзақ уақыт ауруханада жатқаны белгілі болды. Шенеунік 58 жаста болатын. Әр жылдары «Қорғас» кешенінде, Ұлттық экономика министрлігінде жұмыс істеді. Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.