Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында алдағы үш күнде 42 градус ыстық болады
Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында алдағы үш күнде 42 градус ыстық болады
Фото: vladtime
288
оқылды
5-7 тамыз күндері республиканың солтүстік жартысында найзағай, бұршақ, қатты жел және жаңбыр жауады деп болжанып отыр, — деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. Еліміздің батысында термометр бағандары түнгі уақытта 15-25 градусты, солтүстігінде 10-20 градус жылыны көрсетеді. Күндізгі уақытта ауа температурасы батыста 27-35 градусқа дейін, солтүстікте 23-30 градусқа дейін төмендейді. Шығыста және орталықта ауа температурасы түнде 10-20 градус, күндіз 25-35 градус аралығында болады. Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында ыстық, құрғақ ауа райы сақталады, кей жерлерде шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді. Алдағы күндері ауа температурасы түнде 20-28 градус, күндіз 32-42 градус болмақ.