Павлодарда полицейлер 200-ден астам адамды іздестіріп жатыр
Павлодарда полицейлер 200-ден астам адамды іздестіріп жатыр
© polisia.kz
106
оқылды
Павлодарлық полицейлер 200-ден астам жалған вакцинация паспортын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Павлодар облысының полиция қызметкерлері 2021 жылдың мамыр айында Павлодар қаласы емханаларының бірінде төрт медицина қызметкері COVID-19-ға қарсы вакцинаның  электрондық базасына жалған мәліметтер енгізу арқылы вакцинация паспортын қолдан жасағанын анықтады, іс-шара барысында 200-ден астам жалған паспорт тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 385-бабының 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеу барысында барлық тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп, қатысушылардың ұялы телефондары алынды, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің жұмыс орны бойынша тінту іс-шаралары жүргізілді. Нәтижесінде техникалар мен құжаттамалар тәркіленіп, тиісті сараптамалар тағайындалды.
– Қазіргі уақытта Павлодар облысының Полиция департаменті COVID-19-ға қарсы вакцинацияның жалған паспортын сатып алған және пайдаланған адамдар тобын анықтап жатыр. Аталған адамдарға қатысты тиісті тергеу амалдары жүргізіліп, Қазақстан Республикасы ҚК 385-бабының 3-бөлімі бойынша жалған құжатты пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселе қарастырылады, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.