Алматыда бассейнде жұрттың көзінше әдепсіз қылық көрсеткен қыз бен жігіт ұсталды
Алматыда бассейнде жұрттың көзінше әдепсіз қылық көрсеткен қыз бен жігіт ұсталды
© видеодан алынды
395
оқылды
Әлеуметтік желіде жұрттың көзінше бассейнде «жыныстық қатынасқа түскен» жастарға қатысты видео талқыланып жатыр. Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Рүстем Әбдірахманов Instagram-дағы парақшасында қоғамдық орында әдепсіз қылық көрсеткен жастар ұсталғанын хабарлады. Алайда олар бассейнде жыныстық қатынасқа түскенін жоққа шығарған. Артынша жігіт көпшіліктен кешірім сұрады.
«Бұл жағдай әдепсіз қылық екені белгілі, бірақ оны бассейнде жүрген кішкентай балалар көруі  мүмкін ғой. Бұл балалардың психологиясына кері әсер етуі мүмкін. Бірақ олар бассейнде болған фактіні жоққа шығарды», — деп жазды Рүстем Әбдірахманов.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Рустам Абдрахманов (@rustam.abdrakhmanov_)