Олимпиада-2020: Қазақстан медальдар саны бойынша нешінші орында?
Олимпиада-2020: Қазақстан медальдар саны бойынша нешінші орында?
174
оқылды
Бүгін қазақстандық спортшылар Токиодағы Олимпиада ойындарында тағы бір медальды иеленді. Қола медальды Қазақстан қоржынына боксшы Қамшыбек Қоңқабаев салды. Жарыстың он екінші күнінен кейін Қазақстан құрамасы төрт қола медальмен медальдық есепте 75-орында тұр. Тізімде бұрынғыша Қытай (32-22-16) көш бастауда. Екінші орында – АҚШ (25-31-23), үшінші орында – Жапония (21-7-12) тұр. Олимпиада-2020 ойындарының 4 тамыздағы медальдық есепте үздік ондықта тұрған елдер: 1. Қытай — 32-22-16 2. АҚШ — 25-31-23 3. Жапония — 21-7-12 4. Ұлыбритания — 15-18-15 5. Австралия — 15-4-17 6. Ресей — 14-21-18 7. Германия — 8-8-16 8. Франция — 6-10-9 9. Италия — 6-9-15 10. Нидерланды — 6-8-9 75. Қазақстан — 0-0-4.